«Ем алу үшін Астанаға көшіп келетіндер бар»: психикалық науқастар стационарда қалай емделеді
МӘМС аясында психикалық көмек тегін көрсетіледі

Елде психикалық ауытқуы бар 204 408 адам тіркелген. Астана қалалық психикалық денсаулық орталығына арнайы барып, директордың медициналық бөлім жөніндегі орынбасары Алмагүл Айтжановамен сұхбаттастық, Осы бағыттағы, яғни, қоғамдағы инклюзияны дамыту бағытында мемлекет атқарып жатқан шараларға жоғары баға берген ол психикалық науқастың барлығына тегін ем көрсетілетінін айттыү Оның пікірінше, тегін көмек - Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың айтарлықтай жақсы жетістігі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
«Психикалық ауру аяқ астынан пайда болатын дүние емес. Ол бірте-бірте басталады. Дерт ушықпай тұрғанда дәрігерге қаралып, ем-дом алып, алдын ала қабылдауға да болады. Мысалы, мазасы кетіп, көңіл-күйі болмай, күнделікті ісінен қалып, өзін күтпей, ешкіммен араласпай, бүк түсіп жатып қалатын кездер болады. Дер кезінде ем алмаса, бұл жағдайы ушығып, өзіне сын көзбен қарай алмай, ойдың құрсауына құлайды. Мысалы, «мені аңдып жүр, камералардан мені бақылап отыр» деген ойлар пайда болады. Олар бұл ойларын шындыққа балайды», - дейді ол.
Маман егер осындай әрекетті жақындарынан байқағанда, бірден көмекке жүгінетін адамдардың жанынан табылғаны дұрыс екенін айтады.
«Ерсі күліп, орынсыз сөз айтып, талапқа сыймайтын тәртібі болғанын өзге адамдар байқаса, дәрігерге хабарласқаны абзал. Бізде жедел жәрдеммен шығатын арнайы психиатриалық дәрігерлер бар. Олар науқастың жағдайы көңіл көнштіпесе, орталықтың қабылдауына әкеледі. Кейін комиссия қандай ем шараларын қабылдау керегін шешеді. Стационарда ем қабылдаған науқастың туыстары, отбасына, жасөспірім болса, ата-анасына ем одан әрі қарай жалғасатынын, тіркелген емханаларға бару бойынша нұсқаулық береді», - дейді Алмагүл Айтжанова.
Осыған дейін көктемде психикалық науқастардың дерті ушығады дегенге түсініктеме берген едік. Психиатр да ол ол түсінікті жоққа шығармады.
«Көктемде ауру асқынады дегенді жоққа шығара алмаймыз. Кейбір кезде науқас саны артады, кеде ондай тенденция байқалмайды. Жазда да, қыста да адамдардың жағдайы өзгеріп жатады. Жазда аурухана бос қалады деген жағдай болмайды. Астана елордамыз болған соң да, өңірлерден адамдар келеді. Науқастың саны сол үшін де көп болып отыр. Тіпті, баласына, жақынына көмек көрсету үшін, ем қабылдау үшін Астанаға көшіп келетін де жағдайлар бар», - дейді ол.
Астана қалалық психикалық денсаулық орталығы психикалық науқастардың барлығына МӘМС аясында тегін көмек көрсетеді. Науқастардың дәрі-дәрмегі де тегін жөнелтіледі. Стационардағы ем де тегін жүзеге асырылады.