Биыл елімізге төрт Тұран жолбарысын жеткіземіз – Ерлан Нысынбаев
Оларды жеткізу мерзімі әлі талқыланып жатыр

Биыл Қазақстан елге төрт Тұран жолбарысын әкеледі. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев үкіметте өткен баспасөз конференциясында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
«Нидерландыдан 2 жолбарыс әкелдік. Қазір олар «Іле-Балқаш» аймағының резерватында. Олардың жағдайы жақсы. Биыл жыл соңына дейін олар көбейеді деп үміттеніп отырмыз. Ақпан айында біз ресейлік әріптестерімізбен осы жолбарыс тұқымын асырау жөніндегі меморандум аясында жұмыс тобының алғашқы отырысын өткіздік. Ресейден жолбарыс өсіру бойынша мамандар келіп, біздің инфрақұрылымды көрді. Биыл тағы көп дегенде 4 Тұран жолбарысын әкелеміз», - деді министр.
Нысанбаев осылайша, Тұран жолбарысының көбеюі бойынша жұмыстар істеліп жатқанын айтты.