$ 503.42  542.08  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағандыда бойжеткен батутта секіремін деп ауыр жараланды

Ол алған жарақатынан құлаған орнынан тұра алмай қалған

Қарағандыда бойжеткен батутта секіремін деп ауыр жараланды
Фото: depositphotos.com

Қарағандыда жаңадан салынған балалар ойын-сауық орталығында бойжеткен батутта секіріп жүріп, жарақат алды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Patriot басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Куәгерлердің айтуынша, бойжеткен батутта секіріп жүріп, ыңғайсыз құлаған. Салдарынан орнынан тұра алмай қалған. Оған шұғыл түрде жедел жәрдем шақырылды.

Оқыс оқиға наурыздың 25-і күні кешке болған. Орталық әкімшісінің айтуынша, қыз бала мекеме батутта сальто жасаймын деп құлаған, ал бұл ереже бойынша тыйым салынған.

«Жәбірленушінің айтуынша, бойжеткен – 18 жаста. Қазір дәрігерлер тексеру жүргізіп, томографияға түсіріп жатыр. Толық ақпаратты жақын туыстарына ғана айта аламыз», - деп хабарлады аурухана.

Қыз бала омыртқасын жарақаттап алған болуы мүмкін деген болжам бар.

Серіктес жаңалықтары