$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Алматы Су» кәсіпорнының лауазымды қызметкері 75 млн теңге жымқырмақ болғаны үшін сотталды

Ол осыған дейін шартты түрде 5 жылға сотталған, енді оған қатысты үкім өзгерді

«Алматы Су» кәсіпорнының лауазымды қызметкері 75 млн теңге жымқырмақ болғаны үшін сотталды
Фото: Видеодан скрин

«Алматы Су» коммуналдық кәсіпорнының күрделі құрылыс департаментінің директоры сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұған дейін, 9 қаңтарда Алматы қаласының Бостандық аудандық соты «Алматы Су» коммуналдық кәсіпорнының күрделі құрылыс департаментінің директоры М. Жолдыбаевтың үкімін жариялады.

Антикор мәліметінше, ол орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қою және қаланың кәріз жүйелерін күрделі жөндеу және сумен жабдықтау жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша бюджет қаражатын аудару сылтауымен кәсіпкерден 75 млн теңге жымқыруға оқталғаны үшін кінәлі деп танылды.

«Жолдыбаевқа 5 жыл мерзімге коммерциялық және қаржы ұйымдарының басшылығымен байланысты қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, шартты түрде 5 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Қадағалаушы прокуратураның наразылығы бойынша Алматы қалалық сотының сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгертілді.

Жолдыбаевқа 5 жыл мерзімге коммерциялық және қаржы ұйымдарының басшылығымен байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 5 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Сот залында сотталған адам қамауға алынды», - делінген Антикор хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары