Астана мен Алматыда ауа сапасы нашарлайды
Синоптиктер осыған байланысты мәлімдеме жасады

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 26 наурызда еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2025 жылғы 26 наурызда Ақтөбе, Астана, Алматы, Қостанай қалаларында ауа сапасының ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы күтілуде», - деп хабарлайды синоптиктер.
Қолайсыз ауа райы жағдайлары қалалардың атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Жалпы, ауаның ластану деңгейінің жоғарылауы күтілуде.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Егер ол пайда болса, елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.