$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Үкіметте жаңа министр ант қабылдады

Ол ресми түрде өз қызметіне кірісті

Үкіметте жаңа министр ант қабылдады
Фото: Үкімет

Үкімет отырысында жаңадан тағайындалған энергетика министрі Ерлан Ақкенженов ант берді, деп хабарлайды деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазақстан халқы мен президенті алдында өз Отаным – Қазақстанның экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін», - деді Ерлан Ақкенженов.

Өз кезегінде үкімет басшысы Олжас Бектенов жаңадан тағайындалған министрге сәттілік тіледі.

Осыған дейін бұл лауазымды Алмасадам Сәтқалиев атқарған еді. Ол енді атом энергиясы жөніндегі агенттікті басқарады.

 

Серіктес жаңалықтары