Қазақстанда екі ай ішінде 7 мыңға жуық адам көрінген жерге қоқыс тастағаны үшін жазаланды
Қоқысты дұрыс тастамағандарға 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады

Елімізде жыл басынан бері 7 мыңға жуық адам көрінген жерге қоқыс тастағаны үшін жазаланды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Мой город» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстанда экологиялық құқық бұзушылықпен күресуге көмектесетін бейнекамералар көбейіп келеді. ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бұл технологиялардың арқасында тәртіп бұзушыларды жылдам табуға болады. 2025 жылдың алғашқы екі айында полицейлер табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 6931 фактісін тіркеді. 6813 адамға айыппұл салынды.
Қоқысты дұрыс тастамағандарға 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Полицейлер 102 пультіне патрульдеу, рейд жүргізу және тұрғындардан түскен арыз-шағымдар кезінде заңсыз үйінділерді анықтайды.
«Ережені тек ұйымдар ғана бұзып қоймайды, сонымен қатар пәтерін немесе үйін жөндеуден өткізіп жатқан азаматтар да бар. Көбінесе шағынаудандардағы контейнерлік тұрақтардың айналасы үйілген қоқыстардың астында қалады. Құрылыс қалдықтары, тамақ қалдықтары, бөтелкелер, полиэтилен пакеттер және осының бәрі жартылай бос контейнер жәшіктерінен бірнеше метр жерде жатады. Жағдайды күрделі жөндеуден кейін құрылыс қалдықтары мен ескі жиһаздарды лақтыратын қала тұрғындарының жауапсыздығы ушығып отыр», - деп хабарлады полиция.
Тәртіп бұзушылар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. Оларға ескерту немесе 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады.