Жезқазғанда аурухананың алдында мастурбация жасаған ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалды
Куәгерлердің айтуынша, ер адам науқастар жататын палатаның жанында мастурбация жасаған

Жезқазғанда адам шошырлық оқиға болды. Ер адамның облыстық көпсалалы аурухананың жанында мастурбация жасағаны видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ер адамды куәгерлер видеоға түсіріп алған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам науқастар жататын палатаның жанында мастурбация жасаған.
«Мынаған айыппұл салсын. Тазалық өзімізден басталады», - деп жазады видео авторы.
Оқиғаға Ұлытау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді. Күдікті 49 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ол ұсталды.
«Тергеу барысында бұл азаматтың невропатиялық есепте тұрғаны анықталды. Қазір ол одан әрі бақылау үшін мамандандырылған медициналық мекемеге орналастырылды», - деді құқық қорғау органдары.