25.03.2025, 12:17
Жаңалықтар
Ақтөбеде қолайсыз метеожағдай сақталады
Қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: © istockphoto.com
25 наурызда Ақтөбе қаласында ауа сапасының нашарлауы күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
«Қазгидрометтің» мәліметінше, 25 наурыз күні Ақтөбеде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болады.
ҚМЖ – бұл атмосферадағы зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін табиғи жағдайлар. Оған келесі факторлар әсер етеді: Желдің бәсеңдеуі немесе толық болмауы; тұман түсуі; температура инверсиясы (жылы ауа қабатының төмен орналасуы, салдарынан зиянды қалдықтардың таралмауы).
Мамандар қала тұрғындарына денсаулықтарына мұқият болуға және ауа сапасын бақылауға кеңес береді.
Көп оқылған
02.10.2026, 16:53
«Сотқа күйеуінен сұранбай келе ме?»: Данияр Кенжеұлы Роза коучты кезекті рет сынға алды
02.10.2026, 17:32
«Таспен қуып, өлтіремін деп қорқытты»: Алматыда ішіп алған ер адам бойжеткенге шабуыл жасады (ВИДЕО)