Павлодар облысында бүтін бір ауылды топан су басып қалуы мүмкін
Осыған байланысты Сілеті су қоймасын әуеден тексерілді

Павлодар облысының Шолақсор ауылын су басуы мүмкін деген қауіп бар. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Осыған байланысты Сілеті су қоймасын әуеден тексерілді.
Әуеден бақылау Сілеті су қоймасына құйылатын және ағып шығатын сулардың ағынын ескере отырып, жиналған судың көлеміне талдау жасауға мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда су қоймасында жиналған судың көлемі 201 млн текше метрді немесе 87% құрайды.
Ақмола облысындағы Сілеті су қоймасынан жіберілетін судың ұлғаю қаупіне байланысты биылғы су тасқыны маусымында Шолақсор ауылын су басу мүмкін деген қауіп бар.
Барлық су басу қаупі бар учаскелер тексеріліп, Сілеті өзенінде санитарлық су жіберу дайындығы, сондай-ақ, барлық су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу үшін келген күштер мен азаматтық қорғау қызметі топтарының дайындығы зерделенді.
Айта кетейік, аймақ аумағында су тасқыны кезеңіне тәулік бойы бақылау жүргізілуде, барлық қажетті күштер мен құралдар жұмылдырылды.