23.03.2025, 15:44
Жаңалықтар
Қазақстандықтар арасында хитке айналған башқұрт әнінің қазақша аудармасы жарияланды (ВИДЕО)
Әнді орындайтын топ қазақстандықтарға алғыс білдірді
Фото: видеодан скриншот
Башқұртстандық Ay Yola тобының жаңа «Homay» әні қазақстандық әлеуметтік желі қолданушылары арасында үлкен танымалдыққа ие болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Музыканттар бұл туындысын башқұрт эпосы «Ұлан батыр» негізінде жасаған. Аңызда басты кейіпкер зұлым күштермен күресіп, халықтың бақытын қорғауға тырысады. Ay Yola тобы бұл терең мағынаны өз музыкасы арқылы жеткізуге тырысқан.
Топ Instagram парақшасында «Homay» әнінің үзіндісін қазақша аудармасымен бөлісті. Желі қолданушылары бұл қадамды жоғары бағалап, әнге жылы пікірлерін жаудырып, ерекше қолдау көрсетті.
Ay Yola тобы Қазақстан халқына алғысын білдіріп, бұл видеоны арнайы қазақстандық тыңдармандар үшін дайындағанын айтты.
Көп оқылған
21.08.2026, 11:56
Алматыда күйеу баласы мүмкіндігі шектеулі енесін зорлап кеткен
21.08.2026, 09:46
Жалған мәліметтер енгізген: Қазақстан азаматы 290 млн теңге салық төлемес үшін Ресейге қашып кеткен
21.08.2026, 12:12
Қарағандыда 50-ден асқан ер адам әйелдердің киімін киіп, эфирде бейәдеп әрекеттер жасаған (ВИДЕО)
21.08.2026, 10:44
Елімізде Құрылтай есімді қанша азамат бар
21.08.2026, 09:33
Қазақстандық жасөспірім дзюдодан әлем чемпионы атанды (ВИДЕО)