23.03.2025, 17:28
Жаңалықтар
Алматы қаласы мен Алматы облысында қатты жаңбыр жауады — ТЖД
ТЖД қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды
Фото: © istockphoto.com
«Қазгидромет» 2025 жылғы 23 наурыздағы дауылды ескертуіне сәйкес, 24-26 наурыз күндері Алматы қаласы мен Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жаңбыр жауады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлады.
«Күтілетін жауын-шашынға байланысты беткейлік ағын пайда болуы, өзендердегі су деңгейінің көтерілуі және өзен арналарынан асуы салдарынан су басу қаупі бар», – деп хабарлады ТЖД өкілдері.
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды ауа райы болжамдарын мұқият қадағалауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және қажет болған жағдайда тиісті шараларды уақытылы қабылдауға шақырады.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді
05.10.2026, 13:46
Иран азаматтары Каспий теңізінде балық аулап жүріп, Қазақстан аумағына өтіп кеткен: олар 1 жылға сотталды
05.10.2026, 12:21
Қазақстанда алдағы күш күнде ауа райы 22 градусқа дейін жылы болады