$ 502.83  545.37  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысындағы жарылыс: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Жанармай құю бекетінде газ сорғы жарылып, салдарынан екі адам көз жұмды

Түркістан облысындағы жарылыс: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Фото: istockphoto.com

Түркістан облысындағы автогаз бекетіндегі жарылыста зардап шеккендердің жағдайы туралы тың ақпарат тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің жағдайы бойынша агенттік тілшісінің сауалына ресми жауап берді.

«1. Диагноз: Арқа, оң жақ иық, сол жақ білек аймағында термиялық күйік 1-2 дәрежелі, дәрежесі 12-15%. Науқастың жағдайы – орташа ауыр.

2. Диагноз: мойын мен бет аймағында 1-2 дәрежелі термиялық күйік, дәрежесі – 5%.

Пациенттер медавиация желілері бойынша комбустиолог дәрігермен кеңесіп, хаттамаға сәйкес емдеу тағайындалды», - делінген денсаулық сақтау басқармасының жауабында.

Айта кетейік, оқыс оқиға Түркістан облысының Шардара ауданындағы Жаушықұм ауылында болды. Жанармай құю бекетінде газ сорғы жарылып, салдарынан екі адам көз жұмды.

Серіктес жаңалықтары