$ 502.83  545.37  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысында жарылыс болды: жеңіл көлік автогаз бекетіне соғылып, екі адам көз жұмды (ВИДЕО)

Жарылыс салдарынан тағы үш адам зардап шекті

Түркістан облысында жарылыс болды: жеңіл көлік автогаз бекетіне соғылып, екі адам көз жұмды (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Түркістан облысында автогаз құю бекеті жарылып, екі адам қаза болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқыс оқиға Түркістан облысының Шардара ауданындағы Жаушықұм ауылында болған. Жанармай құю бекетінде газ сорғы жарылып, салдарынан екі адам қайтыс болды.

«2024 жылғы 21 наурыз күні сағат 16:30-да Түркістан облысы ТЖД 112 пультіне Шардара ауданы Жаушықұм ауылында автогаз құю станциясында (АГҚС) газ колонкасының жарылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Құтқарушылар оқиға орнына жеткен кезде жеңіл автокөліктің автогаз құю станциясына соқтығысуы салдарынан жарылыс болғаны анықталды. Соқтығыс нәтижесінде резервуардан газ ағып, кейін газ-ауа қоспасы тұтанған. Өрт жақын маңда тұрған көлікке ауысқан», - делінген облыстық ТЖД-ның агенттік тілшісіне берген ресми жауабында.

Ведомство жарақат алғандар мен қаза болғандар туралы түсіндіріп өтті.

«Оқиға салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмды, үш адам күйік жарақатын алды. Медицина қызметкерлері бір зардап шеккен адамды ауруханаға жатқызды, екі адам медициналық көмекке өз бетімен жүгінді.

ТЖД қызметкерлерінің күшімен өрт толық сөндірілді», - деді Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.

Видео: Telegram/Kozachkov Offside

Серіктес жаңалықтары