$ 503.42  542.08  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағанды облысындағы оқыс оқиға: полиция түсініктеме берді

Оқыс оқиға Қызылорда-Жезқазған-Павлодар тасжолының 912-шақырымында болды

Қарағанды облысындағы оқыс оқиға: полиция түсініктеме берді
Фото: Видеодан скрин

Қарағанды облысында жеңіл көлік велосипед мінген 58 жастағы ер адамды қағып кетті. Оқиғаға қатысты облыстық Полиция департаменті агенттік тілшісіне түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметінше, оқиға Қызылорда-Жезқазған-Павлодар тасжолының 912-шақырымында болған.

«Осы жылдың 24 наурызы сағат 07:53 шамасында Қызылорда-Жезқазған-Павлодар тасжолының 912-шақырымында Жаңаарқа ауылынан Қарағанды ​​қаласына қарай бара жатқан Renault көлігінің 42 жастағы жүргізушісі 58 жастағы велосипедшіні қағып кетті.

58 жастағы велосипедші медициналық мекемеге жеткізілгенмен, алған жарақаттарынан есін жимай көз жұмды», - делінген ведомство түсініктемесінде.

Белгілі болғандай, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іске қатысты бірқатар сараптама тағайындалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - дейді облыстық ПД.

Серіктес жаңалықтары