$ 504.44  545.65  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Ұрсам, өз әйелім»: Қызылордада ер адам жұбайын қызғанып, қабырғасын сындырған (ВИДЕО)

Оқиғаға қатысты облыстық Полиция департаменті пікір білдірді

«Ұрсам, өз әйелім»: Қызылордада ер адам жұбайын қызғанып, қабырғасын сындырған (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Қызылорда облысында жұбайын дәрігерден қызғанған ер адам оны соққыға жықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мәліметтерге сүйенсек, оқиға Қызылорда қаласының Тасбөгет ауданында болған.

Әйел адам дәрігерден күйеуінің порталы жайлы сұраймын деп таяқ жеген көрінеді. Ерінің соққысынан екі қабырғасы шытынап кеткенін айғақтайтын анықтамасы бар.

Зардап шеккен әйел адам ауруханада тазалықшы болып еңбек етеді. Күйеуінің айтуынша дәрігер жұбайына шағым айтып, ұрыс-жанжал тұтанып, нәтижесінде келіншек таяқ жеді. Жәбірленушінің айтуынша жұбайы қызғанып, жиі ұрып, соғады.

Күйеуі «менің әйелім ғой, сындырсам» деді. Тіпті «сотқа беремін, отбасымның шаруасы» деп полицияның көзінше бізге айбат көрсеткен.

Ашуға булыққан отағасын полиция алып кетті.

Оқиғаға қатысты облыстық Полиция департаменті пікір берді.

«Қызылорда қаласы Полиция басқармасымен денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру дерегі бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сонымен қатар азаматша екі баласымен бірге Дағдарыс орталығына орналастырылды, оларға жан-жақты психологиялық, құқықтық көмек және әлеуметтік қолдау көрсетіліп жатыр.

Отбасы зорлық-зомбылық жасаудан қорғау мақсатында күдіктіге (3-топ мүгедек)  қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды. Қызылорда қаласы ПБ Отбасы зорлық зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлерімен тиісті профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Бұл қылмыстық іс облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында», - делінген ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары