«Біз білетін кішкентай Данэлия Төлешова қайда?»: АҚШ-қа көшіп кеткен әншіні көпшілік танымай қалды
Әнші қазір Америка Құрама Штаттарында өмір сүреді

Небәрі 11 жасында Украинадағы «Голос дети» байқауын жеңіп алған Данэлия Төлешованы АҚШ-қа кеткеннен кейін жұрт танымай қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мәліметтерге сүйенсек, қазақстандық әнші музыка саласындағы карьерасын дамыту үшін мұхит асып, АҚШ-қа екі жыл бұрын, яғни 16 жасында қоныс аударған.
Әншінің әлеуметтік желідегі парақшасында жұрт түрлі пікір білдіріп, болашағына алаңдаушылық білдірді.
«Дауысыңыз ғажап. Тәніңізге емес, дауысыңызға көңіл бөліңіз. Дауысыңыз тарихта қалады, сол арқылы жұрт сізді сол бір кездегі кішкентай Данэлия ретінде есте сақтайды», «Біз білетін кішкентай Данэлия қайда?», «Өзгелерден айырмашылығы болмай қалды ғой», «Құрметті, ата-аналары, мына болотаға батып кетпей тұрғанда, Американың шоу-бизнесінен алып кетіңіздерші», - деп жазды желі қолданушылары.