$ 502.83  545.37  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы облысында алаяқтық жолмен 600 млн теңгеге жуық ақша тапқан күдіктілер ұсталды

Олар былтырдан бері 50-ден астам дропты – банктік карталарды өз атына немесе басқа адамдардың атына рәсімдеген тұлғаларды басқарған

Алматы облысында алаяқтық жолмен 600 млн теңгеге жуық ақша тапқан күдіктілер ұсталды
Фото: Видеодан скрин

Алматы облысында алаяқтық жолмен 600 млн теңгеге жуық ақша тапты деген күдікпен төрт адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Олар алаяқтық ісін Telegram мессенджері арқылы жасап отырған.

«Тергеу барысында анықталғандай, ұсталған куратор 2024 жылдың маусым айынан бастап 50-ден астам дропты – банктік карталарды өз атына немесе басқа адамдардың атына рәсімдеген тұлғаларды басқарған. Осы шоттар арқылы 1000-нан астам қаржылық операция жүргізіліп, жалпы сомасы 580 миллион теңгеден асқан. Әрбір транзакциядан куратор 6% комиссия алып, жалпы табысы 35 миллион теңгеден асқан», – деп хабарлады полицейлер.

«Антифрод орталығы» базасының мәліметінше, дроптарға қатысты қылмыстық істер елдің бірнеше өңірінде, соның ішінде Алматы облысының Қарасай және Еңбекшіқазақ аудандарында, сондай-ақ Алматы, Шымкент, Қызылорда қалаларында және Маңғыстау облысында тергеліп жатыр.

Айта кетейік, куратор Telegram арқылы «оңай ақша табу» туралы хабарландырулар жариялап, дроптарды тартумен айналысқан. Ол адамдарды банктік карталарды өз атына немесе басқа тұлғалардың атына рәсімдеуге көндірген. Алаяқтар карталарға қол жеткізгеннен кейін, жәбірленушілерден алаяқтық жолмен алған ақшаны аудару және ізін жасыру үшін пайдаланды. Түскен ақша тез арада қолма-қол шешіліп, криптовалютаға аударылып немесе басқа есепшоттарға таратылып отырған. Куратор әрбір транзакциядан 6% пайда көрсе, дроптарға аз ғана сыйақы төленген, ал негізгі табыс қылмыстық схеманы ұйымдастырушыларға кеткен.

«Қазіргі уақытта күдіктілер полицияға жеткізілді, барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Куратор уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұдан бөлек, күдіктілердің басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеру мақсатында екінші деңгейлі банктерге санкцияланған сұраулар жіберу жоспарланып отыр», – деп толықтырды ведомствода.

Серіктес жаңалықтары