Аршалыда шизофрениямен ауыратын ер адам анасын, жиенін, тағы екі туысын асқан жауыздықпен өлтірді
Төрт адамды балталап өлтірген ер адам жындыханаға жатқызылды
Ақмола облысында ұялы телефон үшін төрт бірдей адамның өмірін қиған сұмдық қылмыстың егжей-тегжейі белгілі болды. Жанжал ұялы телефонға байланысты туындаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Аршалы ауданының тұрғынына қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істі қарап, нүкте қойды.
Қанды оқиға 2026 жылдың наурыз айында болған. «Параноидты шизофрения» диагнозымен 2023 жылдан бастап есепте тұрған айыпталушының анасының үйіне келген. Осы кезде оның жиенімен арада ұялы телефонның бұзылуына байланысты сөзге келіспеушілік туындайды. Ашуға булыққан жиені «102» нөміріне қоңырау шалып, полиция шақыртқан. Алайда тәртіп сақшылары жеткенше отбасылық жанжал басылып, анасы ұлына араша түскен. Ол полиция қызметкерлеріне шақыртудың асығыс жасалғанын айтып, ұлына қатысты шара қолданбауды өтініп, шығарып салады. Полиция қызметкерлері кете салысымен, телефонның істен шыққанына және артынан тәртіп сақшыларының шақыртылғанына ызаланған күдікті айуандыққа барады. Ол қолына ас үй балта-пышағын алып, үйдегілерді қырып салған. Төрт жәбірленушінің үшеуі зейнеткер болған. Алған ауыр жарақаттардың салдарынан күдіктінің туған анасы, жиені және үйге қонаққа келген екі егде жастағы қария қаза тапты.
Тергеу барысында ер адамның бұған дейін де сотты болғаны, 2022 жылы психиатриялық ауруханада мәжбүрлеп емделгені анықталды. Ол қазір Алматы облысының Талғар ауданындағы Республикалық психиатриялық ауруханада жатыр. Арнайы сараптама қорытындысы айыпталушының іс-әрекетіне құқықтық баға беруге мүмкіндік бермеді. Себебі, ол «параноидты шизофрения» дертіне шалдыққан. Адам өлтіріп жатқан сәтте ол өз әрекетіне есеп бере алмаған. Қазіргі таңда ол тергеу амалдарына қатыса алмайды және сот алдында жауап беруге қабілетсіз.
Ақмолалық тұрғынның қылмысты жасағаны оқиға болған жерді қарау хаттамасымен, төрт адамның мәйітінің табылуымен және телефондағы аудиожазбалармен толық дәлелденді.
Сот қаулысымен ол Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі («Екі немесе одан да плохо адамды анық дәрменсіз күйде өлтіру») бойынша айыпты деп танылғанымен, есі дұрыс еместігіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды. Оған қарқынды бақылауы бар мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу шарасын тағайындалды. Ол өмірінің соңына дейін жындыханада жатады.
Сот актісі әлі заңды күшіне енген жоқ.