10.07.2026, 16:59
Оқиғалар
Алматыдағы кафеде ер адам танысының мойнына пышақ сұғып алды
Жәбірленушіге ота жасалды
Фото: скрин
Алматыдағы кафелердің бірінде жанжал туындап, ер адам танысының мойынына пышақ сұғып алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жарақат алған ер адам 45 жаста екені анықталды. Ол ауруханаға жатқызылып, шұғыл ота жасалды.
«Тергеудің алдын ала нұсқасына сәйкес, қылмыс бұрыннан таныс адамдар арасында кенеттен туындаған сөзталас кезінде жасалған. Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктіні «ізін суытпай» ұстады. Ол – 32 жастағы ер адам. Қылмыс құралы ретінде болжанған пышақ тәркіленді», - делінген полицияның хабарламасында.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
12.08.2026, 09:50
Миллиардтарды алып, Кореяға қашқан: ҚМА салық төлеуден жалтарған ер адамды Қазақстанға қайтарды
12.08.2026, 09:59
Тойға шақырып жүрген: бір отбасының үш адамы жол апатынан қаза тапты
12.08.2026, 11:17
Корея президенті Тоқаевқа алғыс айтты: Қазақстанда ұсталған 14 оңтүстіккореялық өз елдеріне қайтарылды
12.08.2026, 12:40
Даркнетке 15 млн қазақстандықтың жеке мәліметтері тарап кеткен: министрлік ресми мәлімдеме жасады
12.08.2026, 12:05
Алакөлде 4 адамды құтқарып қалған полицей арнайы марапатпен марапатталды