$ 503.42  542.08  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Екеуін уайымдап болдық қой»: Қайрат Нұртас пен жұбайының жаңа фотосы қызу талқыға түсті

Жұбайымен бірге түскен фотосын Қайрат Нұртас Instagram парақшасында жариялады

«Екеуін уайымдап болдық қой»: Қайрат Нұртас пен жұбайының жаңа фотосы қызу талқыға түсті
Фото: Instagram/kair_n

Танымал әнші Қайрат Нұртас пен жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың бірге түскен фотосы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жұбайымен бірге түскен фотосын Қайрат Нұртас Instagram парақшасында жариялады. Олардың бірге түскен суретіне желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.

«Әжептеуір ұл туатын әйелді улап-шулап қыз туғыздыңдар дегендей. Екеуін шулап ажыратамыз, шулап қосамыз әйтеуір. Өз үйімізде тірлік жоқтай, екеуін уайымдап біз де. Әй, айналайындар, ажырамай, тас боп қатып, балаларыңның рахатын бірге көріңдерші», «Өзім ажырасатындай уаймдаймын осы екеуін», «Екеуіңді бірге көргенде куанамыз ғой», «Бір жастықта әдемі қартаю бұйырсын. Балаларынның қызықтарын бірге көріндер», - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, осыған дейін әншінің әйелі, продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы мен келінінің арасына түскенін мойындағаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары