«Димашты аямай сынап еді»: Бағым Мұхитденова ән айтамын деп сынға ілікті (ВИДЕО)
Продюсердің өнерін жұрт оң бағалай қойған жоқ

Танымал музыкалық продюсер Бағым Мұхитденованың концерттердің бірінде орындаған әні жұрттың сынына ілікті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеоға мән берсек, продюсер жуырда ғана әпкесі Баян Алагөзованың шығармашылық концертінде орындағанын байқауға болатындай. Алайда оның өнерін жұрт оң бағалай қойған жоқ.
«Мынау не дауыс? Димашты аямай сынап еді ғой», «Димашқа шыңғырасың деп апам өзі шыңғырып тұр ғой», «Не туралы айтып тұрғаны түсініксіз. Әйтеуір жүрегін көрсетіп тұрғанын түсіндім», «Құдай сақтасын осыда ән бе? Димашқа сын айтқан», «Түсініксіз. Қай тілде айтып тұр. Бір сөзін де түсінбедім», - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, 2013 жылы «Саз әлемі» байқауында Димаш Құдайбергеннің орындауындағы әнін Бағым Мұхитденова сынға алған болатын.
Еске сала кетейік, жуырда Бағым Мұхитденованың күйеуі Әділжан Юсупов қайтыс болғаны хабарланған.