$ 504.44  545.65  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ERG және «Еуразиялық банк» иелерінің бірі Александр Машкевич көз жұмды

ERG – әлемдегі ең ірі тау-кен металлургия компанияларының бірі

ERG және «Еуразиялық банк» иелерінің бірі Александр Машкевич көз жұмды
Фото: new.seldon.com

Eurasian Resources Group (ERG) және «Еуразиялық банк» иелерінің бірі, белгілі кәсіпкер Александр Машкевич 71 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

ERG компаниясының мәліметінше, кәсіпкердің қазасына қатысты ресми ақпарат жақын уақытта жарияланбақ.

Александр Машкевич – Қазақстан экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосқан ірі кәсіпкерлердің бірі. ERG директорлар кеңесінің төрағасы болды және компанияны серіктестері Патох Шодиев, Ибрагимовтар отбасы және ҚР Қаржы министрлігімен бірге басқарды.

ERG – әлемдегі ең ірі тау-кен металлургия компанияларының бірі. Оның құрамына «Қазхром», Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі, «Қазақстан алюминийі» және Қазақстан электролиз зауыты секілді өндіріс ошақтары кіреді.

Серіктес жаңалықтары