Ұлтық киім киген ақтаулықтар Гиннес рекордтар кітабына енді
Фестивальге 5 мыңнан астам тұрғын жиналған

Ақтауда Наурыз мерекесіне орай өткен «Best Fest Nauryz» ұлттық киімдер фестивалінде 5 мыңнан астам тұрғын жиналып, әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, фестиваль қатысушылары теңіз жағалауында бас қосып, ұлттық киім киген ең көп адам саны бойынша жаңа рекорд орнатты.
Бұл ауқымды шараны тіркеу үшін Лондоннан арнайы келген Гиннес рекордтар кітабының өкілдері Ақтауға ат басын бұрды. Жалпы 5 мыңнан астам адам тіркеліп, тағы 100 адам резервте болған.
Ұлттық киім мәдениетін насихаттауға арналған шараның әлемдік деңгейде танылуы – қазақстандықтардың өз дәстүрлерін дәріптеуге деген зор ықыласын көрсетті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар ұлттық мұраны сақтауға және келер ұрпаққа жеткізуге ықпал етеді.