22.03.2025, 12:13
Жаңалықтар
Қазақстанда 22 наурызда қандай жолдар жабылды
Жабылған жолдар үш облыста орналасқан
Фото: © istockphoto.com
Қазақстанда 22 наурыз күні ауа райының қолайсыздығына байланысты үш облыста республикалық маңызы бар үш автожолда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.
Жабылған жолдар:
Ақтөбе облысы:
- «Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз» автожолы, 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш – Ембі қалалары арасында).
Альтернативті бағыт: «Ембі – Жем – Әлібек-Мола (кен орны) – Кенқияқ – Темір» жолы.
Қостанай облысы:
- «Марииновка ауылына кіреберіс» автожолы, 9-шы шақырым.
Солтүстік Қазақстан облысы:
- «Петропавл қаласын айналып өту» автожолы, 4-7 шақырым (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзеніндегі көпірге дейін).
Жүргізушілерге алдын ала бағыттарын жоспарлап, жолдағы жағдай туралы ресми дереккөздерден ақпарат алу ұсынылады.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 12:39
«Мама, мама»: Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаз анасымен жылап көрісті (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды