21.03.2025, 08:30
Жаңалықтар
Әзербайжанда анасы баласын жалдамалы пәтерде тастап кеткен: сәби үш күннен кейін ғана табылды
Бала ауруханаға жеткізілді
Фото: Oxu.Az
Әзербайжанның Товуз облысында 1 жас 2 айлық сәби жалдамалы пәтерде жалғыз қалдырылған. Үш күннен кейін бала табылып, полицияға хабар берілді, деп жазады Azattyq Rýhy Oxu.Az сайтына сілтеме жасап.
ІІМ Гянджа облыстық басқармасының мәліметінше, Товуз аудандық полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жеткен. Бала ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлер оның жағдайы тұрақты екенін хабарлады.
Тексеру барысында баланың анасы табылды. Ол аудандағы дәмханалардың бірінде жұмыс істейтін болып шықты. Полиция әйелмен профилактикалық әңгіме жүргізіп, кейін сәбиді өзіне қайтарды.
Аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
06.07.2026, 12:45
Ертіс жағасында жоғалып кеткен бойжеткен дронның көмегімен табылды
06.07.2026, 14:15
Көлсайда 16 жастағы қызды жылан шағып алды
06.07.2026, 06:26
Норвегия сенсация жасап, Бразилияны әлем чемпионатынан шығарды
06.07.2026, 10:31
Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады
06.07.2026, 07:27
Қазақстанда 6 шілдеде аптап ыстық сақталады
06.07.2026, 08:10
Тоқаев қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады