21.03.2025, 10:01
Жаңалықтар
Наурыз көже дайындау қанша тұрады?
Бұл тағам әр өңірде әртүрлі дайындалады
Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Наурыз көже – көктемгі жаңару мен молшылықтың символы. Бұл тағам әр өңірде әртүрлі дайындалғанымен, негізгі ингредиенттері өзгеріссіз қалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық статистикасының мәліметінше, Қазақстанда Наурыз көже әзірлеу үшін қажет өнімдердің орташа бағасы төмендегідей:
- Айран (2,5%) – 446 теңге/литр
- Сүт (2,5%) – 413 теңге/литр
- Арпа жармасы – 399 теңге/кг (ең төмен баға Көкшетауда – 283 теңге)
- Күріш– 639 теңге/кг (ең төмен баға Шымкентте – 535 теңге)
- Қазы, жылқы еті – 3098 теңге/кг
- Тұз– 76 теңге/кг
Қазақстанның әр өңірінде Наурыз көженің құрамына құрт, құрғақ өрік және кеспе қосылады. Бұл тағамды дайындау дәстүрі дастарқан молшылығы мен амандықтың белгісі саналады.
Бағалар нарыққа байланысты өзгеруі мүмкін, бірақ бастысы – Наурыз көже тек тағам ғана емес, халықтың бірлігі мен дәстүрге деген құрметінің көрінісі.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады