$ 502.83  545.37  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандықтар ресейлік арақты көбірек ішетін болған

Көрші елдің бейінді министрлігі статистика шығарды

Қазақстандықтар ресейлік арақты көбірек ішетін болған
Фото: istockphoto.com

Ресей 2025 жылдың алғашқы екі айында 3,5 мың тоннадан астам арақ экспорттады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп. Бұл туралы РФ Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты «Агроэкспорт» компаниясы хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Ресейлік арақтың негізгі сатып алушылары  – Қазақстан, Қытай мен Грузия. Экспорттың 63 пайызы осы үш елге тиесілі. Оның ішінде 30 пайызын Қазақстан, 22 пайызын Қытай сатып алды.

Экспорттың қарқынды өсуіне қарамастан, Ресейде арақ өндірісі 26 пайызға қысқарды. Алкоголь сатылымы да төмендеді – 12,2 пайызға азайды. Алкоголі аз сусындардың сатылымы тіптен құлдырап, 90 пайызды көрсетті. Арақ пен коньяк сатып алу тиісінше 5,1 және 10,7 пайызға азайған.

Дегенмен арақ-шарап өнімдері 15 пайызға, ал шарап сатылымы 1,6 пайызға өсті. Сарапшылар тұтынушылардың әлсіз алкогольді сусындарға көбірек бет бұра бастағанын атап өтеді.

Серіктес жаңалықтары