«Қазақмыс» кенішінде тағы бір кенші көз жұмды
Оқиға Шығыс-Жезқазған кенішінде болды

Ұлытау облысындағы «Қазақмыс» кенішінде тағы бір кенші көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жазатайым оқиға Ұлытау облысындағы «Қазақмыс» компаниялар тобына қарасты Шығыс-Жезқазған кенішінде болды.
«№57 шахтада тауарлық-материалдық құндылықтарды түсіру кезінде 1994 жылғы жұмысшы жүк оқпаны алаңындағы саңылауға құлап кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан жұмысшы оқиға орнында көз жұмды.
Оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталуда, жазатайым оқиғаны тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды.
«Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен ұжымы марқұмның жақын туған-туысқандарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады. Қаза тапқан жұмыскердің отбасына ұжымдық шартта қарастырылған барлық қажетті көмек көрсетіледі, оның ішіне жерлеу шығындары да кіреді», - делінген «Қазақмыс» компаниясы таратқан хабарламада.
Айта кетейік, өткен айдың ортасында «Қазақмыс» кенішінде жеті бірдей кенші қаза тапқан болатын.