$ 500.32  545.3  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Кішкене ғана іштім»: елордада жүргізуші екінші рет мас күйде ұсталды (ВИДЕО)

Ол 2020 жылы мас күйде ұсталып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған

«Кішкене ғана іштім»: елордада жүргізуші екінші рет мас күйде ұсталды (ВИДЕО)
Фото: istockphoto.com

Астанада жүргізуші екінші рет мас күйде ұсталып, жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Елордалық ПД мәліметінше, полицейлер Абай даңғылы бойында «Volkswagen» маркалы автокөлігін тоқтатты.

Тексеру барысында 35 жастағы көлік жүргізушісінің алкогольдік мас күйде екені анықталды. Сонымен қатар, оның 2020 жылы дәл осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды.

«Полиция қызметкерлері күмәнді көлікті рейд барысында байқап, дереу тоқтатты. Медициналық сараптама жүргізушінің рұқсат етілген нормадан жоғары мөлшерде алкоголь тұтынғанын растады. Осыған байланысты аталған азамат қамауға алынды.

Қазіргі таңда оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 346 бабы 1-бөлімі бойынша іс қозғалды.

Астана қалалық Полиция департаменті азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, мас күйінде көлік жүргізбеуге және өз өмірі мен өзгелердің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары