$ 500.32  545.3  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Екібастұзда есірткі таратып жүрген адамнан 30-ға жуық түйіршік пакет табылды (ВИДЕО)

Сараптаманың қорытындысына сәйкес, психотроптық заттар екені анықталды

Екібастұзда есірткі таратып жүрген адамнан 30-ға жуық түйіршік пакет табылды (ВИДЕО)
Фото: istockphoto.com

Екібастұзда есірткі жасырып кетіп жүрген адамнан ондаған түйіршік пакет табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тінту іс-шараларын жүргізу барысында барлығы 29 целлофан пакеті тәркіленді, оларда белгісіз затпен оралған «қаптамалар», зергерлік таразылар, орау материалдары болды.

Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, алынған заттар психотроптық зат (a-PVP) болып саналады. Медициналық куәландыруды жүргізу кезінде ұсталғандардың екеуінде де психостимуляторларды қолдану фактісі анықталды.

«Есірткі немесе психотроптық заттарды заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау және өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауда отыр», - деп хабарлады Павлодар облысының Полиция департаменті.

Серіктес жаңалықтары