16.05.2025, 17:56
Қоғам
Қазақстанда ерлердің бос уақыты әйелдерге қарағанда екі есе көп – Ұлттық статистика бюросы
Ерлер күніне 4 сағат 4 минутын, ал әйелдер 2 сағат 56 минутын өзіне арнай алады
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев
2024 жылғы зерттеу нәтижесіне сәйкес, Қазақстанда 15 жастан асқан ер адамдар күніне орта есеппен 5 сағат 13 минут жұмыс істейді, ал әйелдер — 4 сағат 18 минут, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алайда, әйелдер күніне 4 сағат 5 минутын үй шаруашылығына жұмсаса, ерлер бұл іске небәрі 1 сағат 51 минут арнайды. Ер адамдардың бос уақыты әйелдерге қарағанда шамамен екі есе көп:
- ерлер күніне 4 сағат 4 минут бос уақыт өткізеді;
- әйелдер 2 сағат 56 минутын өзіне арнайды.
Жұмыспен қамтылған азаматтардың көрсеткіштері де назар аударарлық.
- Ер адамдар жұмысқа орта есеппен 9 сағат 7 минут,
- Әйелдер 7 сағат 57 минут жұмсайды.
Бұл деректер Ұлттық статистика бюросының 2024 жылы жүргізген «Халықтың уақыт бюджетін пайдалануы» атты зерттеуінен алынған. Зерттеу қазақстандықтардың күнделікті өмір салтын, еңбек пен жеке өмір арасындағы теңгерімді және гендерлік айырмашылықтарды анықтауға бағытталған.
Көп оқылған
23.05.2026, 06:23
Пойыздағы апат: үстіне лас шу шашыраған жолаушы 3 млн теңге өндіріп алды
23.05.2026, 08:19
Атырауда мұғалімнің өліміне қатысты сот процесі басталды
23.05.2026, 07:33
Найзағай мен үсік: 23 мамырға арналған ауа райы болжамы
23.05.2026, 10:01
Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
23.05.2026, 10:38
Щучинскідегі бес қабатты қонақүйден өрт шықты
23.05.2026, 11:03
Қарағандыда тұрғындарды бопсалаған қылмыстық топ мүшелері сотталды