16.05.2025, 17:31
Қоғам
Қазақстандықтар күн сайын 9 сағат 26 минут ұйықтайды — Ұлттық статистика бюросы
Ел азаматтары оқуға небары 26-28 минут арнайтыны анықталып отыр
Фото: ЖИ жасаған
2024 жылғы зерттеуге сәйкес, Қазақстанда 10 жастан асқан тұрғындар тәулігіне орта есеппен 9 сағат 26 минутын ұйқыға жұмсайды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы «Халықтың уақыт бюджетін пайдалануы» атты алты жылда бір рет өткізетін зерттеу қорытындысында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сауалнама нәтижесіне сәйкес:
- Ұйқыға – 9 сағат 26 минут
- Тамақ пен сусын ішуге – 1 сағат 57 минут
- Жеке күтім мен гигиенаға – 1 сағат 27 минут
- Жұмысқа – 2 сағат 56 минут
- Үй шаруашылығына – 3 сағат 14 минут
- Оқуға – күніне небәрі 26–28 минут
- Бос уақыт – 4 сағат 9 минут
Зерттеуге 10 жастан асқан 11 914 адам қатысқан. Оның басты мақсаты – халықтың уақытты қалай пайдаланатынын, жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті және өмір салтындағы өзгерістерді бағалау.
Көп оқылған
08.07.2026, 17:14
Сталкинг пе, қылмыс па: Атырауда әйел адам экс-сүйіктісінен қашамын деп өзі сотталып кетті (ВИДЕО)
08.07.2026, 15:58
Теңге нығайып келе ме: 8 шілдеге арналған доллар бағамы жарияланды
08.07.2026, 10:40
Шығын – 2 млрд теңге: Қарағанды облысында темір кенін заңсыз өндіріп, шетелге сатқандар сотталды
08.07.2026, 09:52
ҚТЖ басшысы қызметінен босатылды
08.07.2026, 09:08
Жоғарғы соттың төрағасы тағайындалды