$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Египеттегі әуежайда жарнама тақтасы құлап, қазақстандық әйел қаза тапты

Тағы екі адам жеңіл жарақат алған

Египеттегі әуежайда жарнама тақтасы құлап, қазақстандық әйел қаза тапты
Фото: Businessvisit.com.ua

Египеттегі Шарм-эль-Шейх халықаралық әуежайында жарнама тақтасының құлауы салдарынан бір қазақстандық әйел қаза тауып, тағы екі азаматша жеңіл жарақат алды. Оқиға 2025 жылғы 17 мамырда болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Оқиғаның мән-жайы

Қалқан DV5270 рейсіне отырғызу кезінде жолаушылардың үстіне құлаған. Оқиға орнында бір әйел қайтыс болып, тағы екі қазақстандық азаматша жеңіл жарақат алған.

СІМ мәлімдемесі

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ресми мәлімдеме жасап, оқиғаның егжей-тегжейін хабарлады.

«17 мамырда Шарм-эль-Шейх әуежайының ұшу аймағында жолаушылардың үстіне жарнама қалқаны құлады. Нәтижесінде, бір қазақстандық азаматша қаза тауып, тағы екі отандасымыз жеңіл жарақат алды», – делінген министрлік хабарламасында.

СІМ өкілдері қаза тапқан азаматшаның туыстарымен байланыс орнатқанын және консулдық көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеді. Жарақат алған екі әйелге медициналық көмек көрсетілген. Олардың жағдайы тұрақты.

«Египет тарапы қазақстандық азаматшаның қайтыс болуына байланысты шын көңілден көңіл айтады. Египеттің азаматтық авиация министрі бұл оқиғаны жеке бақылауына алып, оқиға орнына комиссия жіберді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде», – деп толықтырды министрлік.

Қазақстанның Египеттегі елшілігі бұл жағдайды ерекше бақылауға алған.

Серіктес жаңалықтары