19.03.2025, 13:14
Жаңалықтар
Тоқаев энергетика министрін тағайындады
Хабарлама Ақорда сайтында жарияланды
Фото: Primeminister.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика министрін тағайындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына тағайындалды», - делінген Ақорда хабарламасында.
Айта кетейік, Ерлан Ақкенженов 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
«Әділет» жоғары құқық мектебін және «Астана» университетін бітірген.
- Еңбек жолын 2002 жылы жеке меншік ұйымда бас маман болып бастаған.
- 2004-2012 жылдары мұнай саласындағы кәсіпорындарда басшылық лауазымдарда болды.
- 2012-2016 жылдары KPMG International (Rompetrol) компаниясында бас менеджер, трейдинг жөніндегі аға басқарушы директор болып жұмыс істеді.
- 2016 жылдан 2022 жылға дейін коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.
- 2022 жылғы шілде айынан бастап 2023 жылдың маусым айына дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай өнімдері маркетингі басқармасының бастығы болып қызмет етті.
- Ал 2023 жылдан бүгінге дейін энергетика вице-министрі болды.
Көп оқылған
22.08.2026, 12:31
Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
22.08.2026, 20:29
23 тамызда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
22.08.2026, 14:03
Алдағы үш күнде мегаполистердегі ауа райы қандай болады
22.08.2026, 06:13
Алматы облысында мейрамхана ғимараты өртке оранды