$ 518.81  596.27  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ауылға баратын мамандарға 2 млн теңге жалақы ұсынылды

Жоғары білікті кадрларға сұраныс жалпы бос жұмыс орындарының 31% құрайды

Ауылға баратын мамандарға 2 млн теңге жалақы ұсынылды
Фото: istockphoto.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі электронды еңбек биржасында ауылдарға баратын мамандарға 2 миллион теңге жуық жалақы ұсынылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy министрліктің ресми сайтына жасап.

Іскерлік белсенділік өсті

Сәуірде «Enbek» электронды еңбек биржасында жұмыс берушілер тарапынан да, ізденушілер тарапынан да іскерлік белсенділік өскен:

  • 97,5 мың бос жұмыс орны жөнінде хабарландыру;
  • 115 мың түйіндеме орналастырылды.

Осы жылдың наурыз айымен салыстырғанда бос жұмыс орындарының саны 17,3 мың бірлікке (+22%), ал түйіндеме саны – 19,7 мыңға (+21%) өсті. Еңбекке сұраныс құрылымында біліктілік деңгейі орташа мамандар үшін бос жұмыс орындары басым – 46%.

«Жоғары білікті кадрларға сұраныс жалпы бос жұмыс орындарының 31% құрайды, ал бос жұмыс орындарының 23% біліктілік дәрежесін талап етпейді. Осылайша, тар бейінді мамандарға сұраныстың жоғары деңгейімен орта буын мамандарына деген қажеттілік тұрақты түрде сақталады», - деп жазылған хабарламада.

Жұмыс іздеушілер 9 млн теңге жалақы сұраған

Жұмыс берушілер ең жоғары жалақыны мына позициялар бойынша белгіледі:

  • ауылдық елді мекендердің басқару органдарындағы бас маман – 1 млн 955 мың теңгеден бастап,
  • өңдеу өнеркәсібіндегі комплаенс жөніндегі маман – 1 млн 100 мың теңге.

«Бұл ретте кейбір бос жұмыс орындары бойынша басшы лауазымдарға үміткерлер мен it-дизайн саласындағы мамандар шамамен 9 млн теңге, бас директордың позициясына шамамен 8 млн теңге жалақы алғысы келетінін көрсетті», - деп жазылған хабарламада.

2025 жылдың сәуірінде  іскерлік және экономикалық белсенділік өсіп, орта біліктілік деңгейіндегі бос жұмыс орындарына қызығушылық артты, сондай-ақ еңбек нарығында тұрақты жас және гендерлік құрылым сақталды.

Серіктес жаңалықтары