$ 511.92  588.91  6.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Министрлік әлемде коронавирустың өршуіне байланысты мәлімдеме жасады

Денсаулық сақтау министрлігі әлемде індетті жұқтырған науқастар санының өсуіне байланысты азаматтарға кеңес берді

Министрлік әлемде коронавирустың өршуіне байланысты мәлімдеме жасады
Фото: pixabay

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда коронавирус инфекциясына байланысты эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Індетті жұқтырғандар 3,7 есеге азайған

Министрлік елдегі сырқаттанушылық пен әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға апта сайын мониторинг жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«2025 жылдың басынан бері жалпы 329 расталған жағдай тіркелді, қайтыс болу жағдайы тіркелген жоқ. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 3,7 есеге азайған. Республика бойынша аптасына 25 жағдайға дейін тіркелуде», - деп жазылған хабарламада.

Инфекциялық төсектердің жүктемесі – 27%, реанимациялық төсек-орындар – 2%, сондай-ақ стационарларда коронавирус инфекциясымен 2 науқас ем қабылдауда, жағдайы – орташа ауырлықта.

Омикрон штамдары айналымда жүр

Әлемдегі жағдай сияқты, Қазақстанда да 2022 жылы алғаш анықталған Омикрон нұсқасының штамдары айналымда жүр.

Омикрон нұсқасы 30-дан астам мутацияны қамтиды және аурудың жеңіл өтуімен сипатталады, сондықтан стационарлық емдеуді қажет етпейді. Аурудың негізгі симптомдары – жоғарғы тыныс жолдарының зақымдануы, мұрынның бітелуі, тамақтың ауыруы, жөтел.

Басқа елдерде сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігі келесілерді ұсынады:

  • жіті респираторлық инфекциямен ауыратын адамдармен тығыз қарым-қатынастан аулақ болу;
  • қолды, әсіресе науқас немесе олардың айналасындағы адамдармен тікелей байланыстан кейін жиі жуу;
  • үй-жайларды тұрақты түрде желдету;
  • ауру симптомдары байқалған жағдайда медициналық көмекке жүгіну.

 

Серіктес жаңалықтары