Ақтөбе облысында бір ауылға апаратын жолды су шайып, қатынас тоқтады
Ауылға тек моторлы қайықпен ғана жетуге болады

Ақтөбе облысының Ойыл ауылына апаратын жолды су шайып кетті. Қазіргі таңда ауылға тек моторлы қайықпен ғана жетуге болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Диапазон»басылымына сілтеме жасап.
2023 жылғы көктемгі тасқын кезінде бұзылған көпірдің орнына уақытша өткел салынған еді. Алайда қардың еріп, су деңгейінің көтерілуіне байланысты бұл өткелді де су шайып өтті.
Ойыл ауданының әкімі Асқар Қазыбаев 15 наурызда өткелді бір тәулікте қалпына келтіреміздеп уәде берген болатын. Сол күні түсте төтенше жағдайлар департаменті өткелге үш құбыр төселіп, оны құм салынған қаптармен бекіту жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Құтқарушыларға көмек ретінде әскери бөлім сарбаздары да жұмылдырылған.
Алайда кешкі уақытта облыстық әкімдік өткел қалпына келтірілгенін хабарлағанымен, арада бірнеше сағат өткен соң жергілікті тұрғындар судың қайтадан өткелді бұзып өткенінвидеоға түсіріп жіберген.
Төтенше жағдайлар департаменті өткелдің бұзылуы жоспарлы әрекет болғанын, яғни жинақталған суды ағызу үшін жасалғанын түсіндірді. 16 наурызда өткелді қайта салу жұмыстары басталды.
Қазіргі уақытта автокөліктердің қозғалысы тоқтатылған. Тұрғындарды тасымалдау үшінтаңғы 8:00-ден кешкі 19:00-ге дейін моторлы қайық қатынауда.