6 жасар бүлдіршінді ағасы зорлап келген: үш жылға созылған іс аяқталуға жақын
Тергеу 2022 жылдан бері жүргізіліп келеді

Атырауда 6 жастағы баланың туысы тарапынан зорлық көруіне қатысты ісі әлі де жалғасып жатыр. Анасы баласының мүшесінен қан кеткенін байқап, бірден дабыл қаққан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Atyrau.today06 парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, бұған дейін полицияның салғырттығынан қылмысқа қатысты маңызды дәлелдер толық жиналмаған.
Учаскелік инспектор баланы сот-медициналық сараптамаға жібермеген, ал кейбір маңызды құжаттар іс материалдарынан жоғалып кеткен.
Сонымен қатар бала тағы бір туысы тарапынан да зорлық көргені анықталды. Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 124 және 121-баптары бойынша алты рет тоқтатылып, жабылған. Алайда тергеу қайта жанданып, күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта іс аяқталу кезеңінде.