$ 499.04  544.45  5.96
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанның бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бұл адам денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін

Қазақстанның бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлайды
Фото: © istockphoto.com

16 наурызда Қазақстанның бірқатар қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып, ауаның ластану деңгейінің жоғарылауы күтілуде. «Қазгидромет» мәліметінше, ауа сапасының төмендеуі Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Балқаш, Өскемен және Шымкент қалаларында байқалады. Түнде Атырау мен Астанада да осындай жағдай орын алуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Мамандардың айтуынша, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бірнеше табиғи факторлардың (әлсіз жел, тұман, штиль немесе инверсия) үйлесуі нәтижесінде ауадағы зиянды заттардың шоғырлануына әсер етеді. Мұндай құбылыс қалалардағы ауаның сапасын төмендетіп, адам денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін», — делінген хабарламада.

Дәрігерлер тыныс алу жолдары мен жүрек-қан тамырлары аурулары бар азаматтарға сақ болуды ескертеді. Олар ұзақ серуендеуден бас тартып, қажет болған жағдайда қорғаныш маскасын пайдаланғаны жөн. Сондай-ақ, мүмкіндігінше ашық ауада физикалық белсенділікті шектеп, ауа сапасы туралы ресми ақпарат көздерінен мәлімет алып отыру ұсынылады.

Серіктес жаңалықтары