«Қазақ әйелдерінің түбіне арақ жетеді»: 25 жасар ананың үш баласы жетімдер үйіне тапсырылды (ВИДЕО)
Анасының ішімдікке салынғаны анықталды

Бүгін бір отбасының үш баласы жетімдер үйіне тапсырылды. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазақ әйелдерінің түбіне арақ пен құжат жететін болды. Алматы бүгін тымырсып сұрланып тұр. Дәл осы күні мына балақайлар анасынан ажырап, мемлекет қарауына өтуде. Алды 4-ке толмаған, кішісі 1 жаста. Әлі де құтқаруға болады, егер әйелдің туыс-туғаны табылса», – деп жазады журналист.
Жәмилә есімді ананың жасы небәрі 25-те, тағдыры ауыр.
«Күйіктен ішімдікке әуестенді деп ойладым. 25-те кейбіреулерге өмір енді басталса, біреулерге бітіп жатыр», – деп түйіндеді ойын Гүлмира Әбіқай.
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР кодексіне сәйкес, ата-аналар келесі жағдайларда ата-ана құқықтарынан айырылатынын еске саламыз:
- ата-анасының міндеттерін орындаудан жалтарса, оның ішінде алимент төлеуден қасақана жалтарса;
- өз баласын перзентханадан, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардан және өзге де ұйымдардан алуға дәлелді себептерсіз бас тартса;
- өз ата-аналық құқықтарын пайдаланып қиянат жасаса;
- балаға қатал қараса, оның ішінде оған физикалық немесе психикалық зорлық-зомбылықты жүзеге асырса, оның жыныстық қол сұғылмаушылығына қастандық жасаса;
- спирттік ішімдіктерді, есірткі заттарын және психотроптық заттарды көп мөлшерде қабылдаса.