$ 505.15  550.31  5.89
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы облысындағы өрт: жағдай ТЖМ басшысының бақылауында

Өртті сөндіру жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрі жетекшілік етіп жүр

Алматы облысындағы өрт: жағдай ТЖМ басшысының бақылауында
Фото: ТЖМ

Алматы облысында резеңке дөңгелектер шығаратын зауыттағы өртті сөндіру жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов жеке өзі жетекшілік етуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Өрт Талғар ауданы Жаңалық ауылында орналасқан зауытта шыққан. Қауіптің үшінші дәрежесі белгіленіп, қызыл жалынды ауыздықтау жұмыстары жалғасып жатыр. Жоғары температура мен от жүктемесінің үлкен болуы өрт сөндірушілердің жұмысын қиындатып тұр», — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытқа дейін 112 қызметіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Министр Шыңғыс Әрінов бұл уақытта Алматы облысында жұмыс сапарымен болған және өртті сөндіру шараларын тікелей өзі үйлестіріп отыр.

Серіктес жаңалықтары