15.03.2025, 17:49
Жаңалықтар
Қазақстандық бес боксшы қыз әлем чемпионатының финалына шықты
Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты Сербияда өтіп жатыр
Фото: sports.kz
Сербияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатының финалында Қазақстанның бес спортшысы ел намысын қорғайды, деп хабарлайды Azattyq RýhySports.kz-ке сілтеме жасап.
Финалға шыққан қазақстандықтар:
- 48 кг – Назым Қызайбай (Ресейлік Юлия Чумгалаковамен кездеседі)
- 50 кг – Алуа Балқыбекова (Қытайлық Ху Мэйимен жұдырықтасады)
- 60 кг – Виктория Графеева (Ресейлік Нуне Асатрянмен күш сынасады)
- 63 кг – Аида Әбікеева (Тайланд өкілі Тананья Сомнуекпен жекпе-жекке шығады)
- 81+ кг– Елдана Тәліпова (Қытайлық Илян Чжанмен алтын медаль үшін күреседі)
Шешуші жекпе-жектер 16 наурызда өтеді.
Көп оқылған
05.11.2026, 11:35
Қылмыс солай ашылды: Павлодарда алты жасында нағашы ағасы зорлаған қыз ауыр қылмысты ChatGPT-ге айтып берген
05.11.2026, 08:33
«Төрт бөтелке сыра ішіп, дүкенге шыққан»: Ақтөбеде мас жүргізуші екі баланы қағып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды