$ 499.04  544.45  5.96
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қайырымдылық күні: «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы сенбілік өткізді

Сонымен қатар қайырымдылық акциялары, мерекелік кездесулер, көрме-жәрмеңкелер өткізіліп жатыр

Қайырымдылық күні: «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы сенбілік өткізді
Фото: партия филиалының баспасөз қызметі

Наурызнама дәстүрі аясындағы 15 наурыз – Қайырымдылық күні мерекелік іс-шаралар күнтізбесіне орай, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының бастамасымен «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек», «Ардагерлерді ардақтайық!», «Ұлттық мұра» партиялық жобалары шеңберінде облыс аудан, қалаларында түрлі мазмұндағы іс-шаралар, оның ішінде қайырымдлық акциялары, мерекелік кездесулер, қолданбалы өнер туындыларының көрме-жәрмеңкелері өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Партия өкілдері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында сенбіліктер өткізіп, көктемгі абаттандыру жұмыстарына белсене қатысып жатыр.

«Қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау, айналаңның таза болуын қамту, табиғатын аялау, тал егіп, оған күтім жасау – адам баласына тән қайырлы істің өзегі екені ақиқат. Табиғатқа деген жанашырлықтан туындайтын осы міндетті іске асыруда, партияның Түркістан облыстық филиалының ұжымы түркі жұртының алтын бесік мекені болған Түркістан топырағының көк желекті қорын ұлғайтуға үлестерін қосып, ағаш көшеттерін отырғызды. Көктем шуағымен бүр жаруға шақ тұрған жас шыбықтар қасиет қонған жерден нәр алып бой көтереді, көлеңкесімен талай адамға шапағатын төгеді деп білеміз», — делінген хабарламада.

Жаңару мезгіліндегі қайырымды істер күнінде, имандылықты бойтұмарына балаған шаһарда қасиетті Рамазан айында, ортақ мақсат пен игілік жолында иық тірестіріп, қатарласа қадам басқан әріптестермен қайырлы бастаманы атқаруға күш біріктіргенімізді – жақсылықтың нышаны. Көктемнің әрбір күнін жылға азық деп бағалап-байыптайтын Түркістан облысының жұртшылығы Жер-Ананы қадірлеуден, табиғатпен егіз тыныстаудан аянып қалмайды.

Серіктес жаңалықтары