14.03.2025, 21:53
Жаңалықтар
Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты жолдар жабылды
«ҚазАвтоЖол» осыған байланысты мәлімдеме жасады
Фото: istockphoto.com
Қазақстанның үш облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты тасжолдар жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, 14 наурыз күні ауа райының нашарлауына байланысты келесі республикалық автожол учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізілді:
Ақмола облысы:
- «Астана – Петропавл» автожолының 18-234 шақырым аралығы (Астана – Щучинск). Жүк көліктері үшін.
Абай облысы:
- «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 971-1013 шақырымы (Қалбатау а. – Шығыс Қазақстан облысының шекарасы). Барлық көлік түрлері үшін.
Шығыс Қазақстан облысы:
- «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 1013-1048 шақырымы (Абай облысының шекарасы – Ұлан а. бұрылысы). Барлық көлік түрлері үшін.
«ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді:
- Дауылды ескерту жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шықпаңыздар, сол сияқты жаяу жүрмеңіздер.
- Ауа райы жағдайы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты бақылаңыздар», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
29.10.2026, 15:26
Еңбекмин жәрдемақы алатын адамның ипотекасын да, несиесін де, отбасын асырауға кететін шығынын да есептейтін болды
29.10.2026, 15:11
Шәйнек түбіне жасырған: Жетісуда түрмеде жатқан адамға танысы шынашақтай телефон жібермек болған
29.10.2026, 12:29
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді
29.10.2026, 13:59
БҚО-да жайылып жүрген киікті атып алған ер адам сотталып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды