$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбеде су тасқыны, ал Алматыда қар көшкіні болуы мүмкін

Синоптиктер болжамы жарияланды

Ақтөбеде су тасқыны, ал Алматыда қар көшкіні болуы мүмкін
Фото: istockphoto.com

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман түсіп, қар жауып, боран соғады. Ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана қаласы мен Қызылорда облысында тұман түседі.

Павлодар, Ақтөбе, Ұлытау, Қарағанды ​​облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Ақмола облысында жауын-шашын күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында жел соғып, тұман түседі.

Ақтөбе облысында еріген қар суы тасқынға әкелуі мүмкін.

Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында көктайғақ орнап, жел соғады.

Алматыда қар көшкіні жүру қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарында көктайғақ, тұман, жауын-шашын күтіледі.

Алматы облысында күн күркіреп, екпіні 15-20 м/с жел болады.

Жамбыл облысында найзағай ойнап, тұман түседі.

Серіктес жаңалықтары