$ 503.42  542.08  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев Ұлттық құрылтайға қатысқандарға арнап ауызашар берді

Мемлекет басшысы Рамазан айындағы игі амалдар ынтымақ-бірлігімізді арттыра түсетінін атап өтті

Тоқаев Ұлттық құрылтайға қатысқандарға арнап ауызашар берді
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай қатысушыларына арнап ауызашар берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөз басында қастерлі қос мерекенің қатар келгенін ерекше атап өтті.

«Ең алдымен, қасиетті Рамазан айында тұтқан оразаларыңыз қабыл болсын дегім келеді. Сондай-ақ бүгін баршаңызды Әз-Наурыздың бастауы – Көрісу күнімен құттықтаймын! Халқымыз үшін қастерлі қос мерекенің қатар келуін бәріміз жақсылыққа балаймыз.

Осындай берекелі сәтте Көкше жерінде арнайы бас қостық. Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысын өткіздік. Мазмұнды әрі мағыналы жиын болды. Көптеген салмақты ұсыныс айтылды. Қоғамды толғандырып жүрген маңызды мәселелер көтерілді», - деді президент.

Мемлекет басшысы Рамазан айындағы игі амалдар ынтымақ-бірлігімізді арттыра түсетінін атап өтті.

«Рамазан айы – «Айлардың сұлтаны». Осы кезде азаматтарымыз игі амалдар жасауға тырысады. Мұқтаж жандарға көмектеседі. Иман келтіріп, рухани жағынан тазарады. Түптеп келгенде, мұның бәрі жұртымыздың ынтымағын арттырады. Берекелі бірлігімізді бекемдей түседі.

Біз озық ойлы ұлт ретінде тек алға қадам басуымыз керек. Қазіргі бұлыңғыр, тұрақсыз әлемде халқымыздың тұтастығы аса маңызды. Сондықтан, бәріміз саналы, сабырлы болайық, ағайын!» - деді мемлекет басшысы.

Серіктес жаңалықтары