Crew Dragon Халықаралық ғарыш стансасына cәтті қонды
SpaceX ғарышкерлерді орбитаға жіберген алғашқы жеке компания
Америкалыө SpaceX компаниясы жасаған Crew Dragon ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясының (ISS) Гармония модуліне сәтті қонды, деп хабарлайды DW.
Оқиға 31 жексенбіде Мәскеу уақытымен 17.16-да болды. Falcon 9 зымыраны Флоридада бір күн бұрын жергілікті уақыт бойынша 15.22-де (Мәскеу уақытымен 22.22) ұшырылды. Бортта Америка Құрама Штаттарының Ұлттық аэронавтика және ғарыш әкімшілігі (NASA) астронавтары Роберт Бенкен мен Дуглас Херли болды.
Ұшыру рәсіміне АҚШ президенті Дональд Трамп қатысты.
Ұшқаннан кейін көп ұзамай зымыранның бірінші кезеңі бөлініп, қалқымалы платформаға сәтті қонды. Екінші кезең іске қосылғаннан 12 минут өткен соң бөлінді.
Crew Dragon ХҒС-қа алғаш сынақ ретінде 2019 жылы наурыз айында ұшты. Бенкен мен Херли 27 мамырда ұшады деп күтілген, бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты сарар кейінге қалдырылды.
2011 жылы Америка Құрама Штаттары Space Transportation System бағдарламасын аяқтады. Бұдан кейін, америкалық ғарышкерлер мен жүк ХҒС-қа тек Ресейдің «Союз» зымырандарымен жеткізілді. Кеше АҚШ астронавтары 9 жыл ішінде алғаш рет ғарышқа америкалық кемемен ұшты.
Қазір ХҒС-да Crew Dragon-нан бөлек, «Союз МС-16», «Прогресс МС-13» және «Прогресс МС-14» жүк кемесі, сонымен қатар Жапонияның H-II Transfer Vehicle жүк кемесі бар.