13.03.2025, 14:48
Жаңалықтар
ШҚО-ның тағы бір ауданында жұмыс уақыты ерте басталатын болды
Жаңа жұмыс уақыты бүгіннен басталады
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев
Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында жұмыс уақыты ерте басталатын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ауданда енді жұмыс уақыты сағат 8:00-де басталады.
Аудан әкімдігі 2025 жылдың 13 наурызынан бастап Шемонаиха ауданының жергілікті атқарушы органдары жаңа жұмыс режиміне көшетінін хабарлады:
- Басталуы: 08:00;
- Аяқталуы: 17:30;
- Түскі үзіліс: 12:00-ден 13:30-ға дейін.
Айта кетейік, осыған дейін ШҚО-ның бірнеше ауданында жұмыс уақыты ерте басталатыны хабарланған болатын.
Көп оқылған
22.11.2026, 08:33
Елордада тұмау жұқтырғандар көбейді: науқастар арасында балалар мен жүкті әйелдер бар
22.11.2026, 16:07
23 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды
23.11.2026, 11:01
«Балам үш рет түрмеге түскен, оның 25 млн теңге, өзімнің 4 млн теңге қарызым бар»: Алматыдағы «таксист» әже алғаш рет сұхбат берді
22.11.2026, 10:40
Ақтөбе облысында көліктің барлық түрі үшін жол ашылды
22.11.2026, 13:15
СҚО-да жабылған тасжолдардағы қозғалыс қайта ашылды
