«Салық келсе, жандары шығады»: атышулы блогер үйлену тойына 40 млн теңгенің тортын алдырды
Қымбат торттың құнын той үстінде блогер Ғани Әжікенов пен Дархан Жолшыбеков шамалап айтты

Атышулы блогерлер – Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова 12 жылдан кейін дүркіретін үйлену тойын жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Үш баласымен бірге той жасаған блогерлер тойханаға 40 млн теңгенің тортын алдырған.
Қымбат торттың құнын той үстінде блогер Ғани Әжікенов пен Дархан Жолшыбеков шамалап айтты.
«Ганз, сен білесің ғой, салық органдары осыны да тексеретінін?» - деп жазды тағы бір блогер Біржан Әшім.
Ал видеоға қатысты желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.
«Ығайлар мен сығайлар не істерлерін білмей жүр ғой», «Салық келсе, жандары шығады», «Не тірлік? Неке жаңарту деген ұят емес пе? Мұндай не керек», «40 млн емес, 47 млн тұрады», «Далаға кеткен ақша», - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, осыған дейін атышулы блогер әйеліне 12 жылдан кейін барып үйлену туралы ұсыныс жасағаны хабарланған болатын.
Еске салайық, 2021 жылы қос блогер Астанада гүл сататын дүкеннің алдында көлік ойнатамын деп қаланы кептеліске батырып, елді шулатқан болатын.